Зайсанда оқушы. әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды. Сот оның қамауда ұстауға санкция берген.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен «Адам өлтіру» қылмыстық ісі қозғалған. Қазір тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары жарияланбады.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде марқұм әйелдің мұғалім болғаны және қылмыс «Синий кит» интернет ойынымен байланысты болуы мүмкін деген ақпарат тараған.
Алайда ШҚО полиция департаменті бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, қаза тапқан әйел педагог емес. Сондай-ақ жүргізілген тексеру барысында оқиғаның «Синий кит» ойынымен байланысы расталмаған.