Қоғам

Автомектептердің жұмысына мемлекеттік бақылау күшейтіледі

Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы жүргізушілерді даярлау саласына бірқатар өзгеріс енгізуді көздейді. Құжатқа сәйкес, енді автомектептер мен осы бағытта қызмет көрсететін кәсіби бірлестіктердің жұмысына мемлекеттік бақылау күшейтіледі.

Автомектеп

Жаңа модель бойынша автомектептердің қызметі рұқсат беру режиміне ауыстырылады. Яғни олар арнайы тізілімге енгізілгеннен кейін ғана жұмыс істей алады. Бұл тәсіл нарыққа кіру талаптарын қатаңдатып, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын, оқытушылар құрамының біліктілігін және оқу процесінің сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар оқу процесін цифрлық жүйелер арқылы қадағалау қарастырылған. Бұл өз кезегінде жүргізушілерді даярлау сапасын арттырып, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжатта кәсіби бірлестіктердің рөлі де күшейтілмек. Олар саланы дамытуға белсенді қатысып, оқыту стандарттарын жетілдіруге ықпал етеді деп күтілуде.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерді даярлау жүйесін ретке келтіріп, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз