Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:24, 26 Қазан 2023

Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды

ам
Фото: из открытых источников

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз

Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады.

«Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғаны бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неден болғанын айта алмаймын», - деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі кулуарда.

Еске сала кетейік, 25 қазанда таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 20 шаршы метр көлемінде бөлмелердің бірі өртенгенін анықтаған. Оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста, ал анасы базарда болған. Жергілікті әкімдік отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.