Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:13, 21 Маусым 2024

Айдос Садықовқа оқ атқан күдіктілер ұсталды

Садықов
Фото: РБК Украина

Украинада қастандыққа ұшыраған қазақстандық журналист Айдос Садықовқа оқ атты деп күдікке ілінген екі адам ұсталды. Бұл туралы журналистің әйелі Наталья Садықова мәлімдеді.

Садықованың айтуынша, қастандық жасауға екі ер адам арнайы тапсырма алған.

Украина полициясы Айдос Садықовты өлтірмек болған қылмыскерлерді тапты. Олар Қазақстанның екі азаматы болып шықты: 1991 жылы 9 мамырда туған Мейрам Қаратаев және 1988 жылы 8 ақпанда туған Алтай Жақанбаев. Бұл арамзалар бұйрық алып, 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдостың соңынан еріп, қылмысты жоспарлаған, деп жазады журналист.

Ал, ұсталған Мейрам Қаратаев Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің өкілі екен. Ол қызметкерлер арасындағы оқ ату жарысында бірінші орынды иеленген.

Сонымен қатар, Наталья Садықова қастандыққа Қазақстан билігінің қатысы бар деп санайтынын айтады. 

Оқ атқан кәсіпқой адам деп айтқанда қателескен жоқпын... Украиндарға алғысым шексіз!

Айдостың жағдайы өзгеріссіз. Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет, деді Садықова.

Бұған дейін Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі Киевте қазақстандық журналистің көлігіне белгісіз адам оқ жаудырғанын хабарлады.

Айта кетейік, Айдос пен Наталья Садықовтар «BASE» YouTube арнасының негізін қалаушылар.