Айгерім Тілеужанға 3 айдан бері медициналық көмек көрсетілмеген
Қаңтар оқиғасы кезінде сотталған журналист Айгерім Тілеужанға арыз жазылған 3 айдан бері медициналық көмек көрсетілмеген. Бұл туралы оның адвокаты Айнара Айдарханова айтты.
Respublika арнасының мәліметінше, ол 7 маусым күні Жауғашты ауылындағы колонияда Айгеріммен кездескен.
Ол әлі тиісті стоматологиялық, медициналық көмек алған жоқ. Мәселе әлі шешімін таппай, үш ай бойы сол күйінде қалып отыр. Арыз жазамыз, хабарласамыз, бірақ толық көмек көрсетілген жоқ, деді адвокат Айдарханова.
Адвокаттың сөзінше, Айгерім микроинсульт алғаннан кейін, оған жеке невропатолог тағайындалған. Қазір Айгерімге денеге күш түсіруге, күн астында болуға және оқуға тыйым салынған.
«Жалпы, оның жағдайы, көңіл-күйі жақсы. Оның ісі Жоғарғы сотта қаралуын күтуде», - деді Айнара Айдарханова.