Сараптама

Азаматхан ӘМІРТАЙ, Мен биліктің жобасы емеспін!

–Азаматхан Сайлауұлы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болдыңыз. Осындажүріп не істеп, не қойдыңыз?

Азаматхан  ӘМІРТАЙ, Мен  биліктің  жобасы  емеспін!

Былайша айтқанда, халықтың көкейінде жүрген қандайұсыныс, талаптарды билікке жеткізіп, оның орындалуына күш салдыңыз?

– Сөз басында айтарым, президент Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы бола салысымен жүйеде біраз өзгерістар жасауға тырысты. Яғнисаяси реформа жасауға ұмтылуы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы, текжастардан тұратын кадрлық резервтің жасақталуы, қоғамдық негізде жұмыс істейтінэкономикалық реформалар орталығын құруға пәрмен беруі – осының бәрі Тоқаевтыңсаяси жүйені жетілдіруге арналған алғашқы қадамдары. Өте дұрыс бағыт. Онықолдау керек. Ал мен Ұлттық кеңестің құрамында жүріп не істедім? Мен мұныңбәрін Facebook-тағы парақшамда жазып отырдым. Көп мәселе көтердім, көптегенұсыныстар айттым. Соның бірі сот жүйесін реформалау болатын. Президентпенарнайы кездескенде де қоғамдағы түрлі жағдайлар, экология мәселелері сөз болды.Кеңседе отырып ой-пікірімді әлеуметтік желілерге жазумен шектелген жоқпын. Елараладым. Халықтың тұрмысымен таныстым. Әсіресе Қордайдағы қазақтар мендүнгендер арасында болған қақтығыс мені үлкен ойға қалдырды. Арнайы Қордайғабардым. Оқиғаның неден басталғанын, оны түзей алмасақ, алдағы уақыттасебепсалдары қандай болатынын түйсіндім.

–Қордайдағы дүрбелеңге байланысты не айтасыз?

 – Меніңше,Қордайдағыдай дүрбелең әлі де қайталануы мүмкін. Неге? Себебін айтайын.Қазақстанда Масаншыдағы секілді өзге ұлттар топтаса ораласқан елді мекен –анклавтар баршылық. Мәселен, оңтүстікте өзбектер, күрдтер, ұйғырлар, дүнгендертоптаса, жұптаса өмір сүріп жатқан ауылдар жеткілікті. Мұндай жерде міндеттітүрде жергілікті халық пен өзге ұлттардың арасында кикілжің, текетірестер болыптұрады. Мысалға, бұған дейін болған қазақ пен тәжік, қазақ пен шешен, қазақ пенкүрд, қазақ пен ұйғыр арасындағы дүрбелеңдерді еске алсақ та жеткілікті.Қайтпек керек? Демек, мұндай анклавтарды бөлшектеп, ондағы тұрғындарды –диаспораларды қазақы ауылдарға аз-аздан орналастырған жөн. Бір сөзбен айтқанда,қазақы ортаға сіңіру, жұтылдыру. Осылайша ғана ұлтаралық қақтығыстардың алдыналуға болады. Бұл мәселе жөнінде билік жақсылап ойлануы тиіс. Тағы бірескеретін мәселе, ол – Қазақстан халқы ассамблеясының еліміздегі ұлт пен ұлтарасындағы достықты, ынтымақты, бірлікті неге қамтамасыз етуге қауқарсыздығы.Сонда бұл ассамблеяның миссиясы не? Әр ұлтқа ән айтқызып, би билетіп, дастарханжайдыртып, байқаулар ұйымдастырғаннан басқа шаруасы жоқ па? Ұлтаралықдүмпулерді реттеуге құлықсыз болса, онда оның қажеті қанша? Не үшін оған елбюджетінен қыруар қаржы бөліп, ұстап отырмыз? Бұл да ойланатын мәселе. Дегенменеліміздегі осындай ара-тұра болып тұратын ұлтаралық қақтығыстардың негізгіөзегі қайда жатыр? Меніңше, мынада: қазақты биліктің өзі мойындамайды,менсінбейді, теперіш көрсетеді. Билік өз ана тілінде сөйлемейді. Қазақ тіліолар үшін екінші сорттағы тіл. Ал мұны көрген өзге ұлт не істемейді. «Балақтағыбит өрлеп басқа шығадының» керін келтіреді. Қазақты көкірегінен итереді.Өктемдік жасайды. Олардың ойында «бізге не істейсіңдер, қолдарыңнан не келеді,биліктің өзі сендерді адам құрлы көрмей тұрғанда» деген астамшылдық пиғыл тұрады.Және солай болып та жатыр. Мұндайда атам қазақ «жаман үйді қонағы билейді»дейді. Ал қазақты мұндай мүсәпір күйінен арылту үшін билік не істеуі керек?Бірінші, «біз көпұлтты мемлекетпіз» деген әңгімені тоқтату қажет. Қазақстандабір ғана ұлт бар, ол – қазақ дегенге басымдық беру. Кемсітуге жол бермеу. Қазақтілінің мәртебесін көтеру. Оны білу үшін қажет болса, тізеге сала отырыпміндеттеу. Екінші, әр ұлтқа жеке-жеке мектеп, театр ашып беріп, «тіліңді,дініңді, мәдениетіңді ұмытпа, өркендет» деп, қазақтан алыстату саясатындоғарған жөн. Өйткені өз тілінде мектебі, театры, мәдени ошақтары бар ұлтқазақтың қолтығына кіріп, тонның ішкі бауындай араласып кетпейді. Ортада бірбуфер тұрады. Үшінші, бір мектеп (қазақ мектебі), бір тіл (қазақ тілі) және «Бірғана қазақ» бағдарламасын мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру керек. Бұлдегеніміз – өзге тілдегі мектептерді қысқарта отырып, түптің түбінде еліміздетұратын барлық ұлттың баласын бір мектепте, яғни қазақ мектебінде оқыту. Қазақмектебінде оқыған бала біртілді, яғни қазақтілді болып шығады. Ал қазақмектебінде оқып, қазақ тілінде сөйлеп, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін біліпөскен өзге ұлттың баласы ешбір мәжбүрлеусіз қазақы ортаға сіңіп, жұтылыпкетпек. Осылайша біз өзге ұлттарды сіңіріп, жұтып, «бір қазақ» ұлтын жасайалмыз. Егер де осыған қол жеткізсек, ел ішінде ешқандай ұлтаралық жанжалға жол,негіз болмайды.

 – Азеке, тіл жайлы айтып қалдыңыз. Жақсы,дегенмен өзіңіз мүше болған Ұлттық кеңестің тілі – қай тіл?

– «Айтсамұят, айтпасам қиянат» демей ме? Өкініштісі, өзім мүше болған Ұлттық қоғамдықсенім кеңесіндегі отырыстардағы әңгіме тек орыс тілінде жүретіндігі. Бұл жердехалыққа танымал әр саланың мамандары топтасқаны белгілі. Бірақ, амал қанша,араласу, сөйлесу тілі тек орыс тілі. Әрине, өзге тілде сөйлесе де, өз ұлтынкеремет сүйетін азаматтар бар дерсіз, келісемін. Бірақ олар өте аз. Ұлттықкеңестің алғашқы жиынында ақын Қазыбек Иса тіл мәселесін көтерді. Жерінежеткізе айтты. Риза болдым. Кеңестегі азаматтардың барлығы тілін, мәдениетін,тарихын жетік білетін һәм сүйетін Қазыбектей болса деп ойладым. Айтайындегенім, президенттің пәрменімен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі анатілімізде сөйлесе, халықтың кеңеске деген сенімі артар еді. Сондай-ақ өзгелергеүлгі болар едік. Әзірге олай болмай тұр. Өз уақытында Алаштың арда азаматыАхмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсеніңең қуаттысы – тілі» деген екен. Ашы да болса ақиқат.

Ұлттық кеңестен кеттіңіз. Несебепті? Әлде қысым болды ма?

 – Иә, менҰлттық қоғамдық сенім кеңесінен (президенттің айтуы бойынша, алғашқыалмастырылымға ілігіппін. Жалғыз мен емес, бір топ азамат. Біздің орнымызғаөзге қоғам белсенділері келді) кеттім. «Не себепті? Неге?» деп астарынан саясатіздеп, сұрап жатқандар бар. Ашық айтайын, аталмыш кеңеске мүше болмай тұрып-ақмен қоғам белсендісі болғанмын. Экологиямен айналыстым, қоғамдағы әділетсізжағдаяттарға қарсы тұрдым, сынадым. Әрдайым өз ойымды ашық айттым. Жасылдар партиясын құруға белбудым. Халықтың көкейіндегісін билікке жеткізу үшін бейбіт митингұйымдастырдым. Ал Ұлттық кеңестің құрамына енген соң да, белсенділігімдіарттыра бердім. Утилизациямен айналысатын «РОП оператор» ЖШС-ын сынға алдым,шағын және орта бизнеске дұрыс көмек бермей отырған Ұлттық кәсіпкерлер одағыныңбылығын аштым, «Мамин үкіметі отставкаға кетсін» деп тайсалмай айттым.Қордайдағы дүрбелеңге арнайы барып, оқиғаның мән-жайымен қанығып, оныңсебепсалдарын және ондай тұйықтан қалай шығу керегін жаздым. Шығыс жәнесолтүстік облыстарда ұлтымыздың азшылықта отырғанын, оның ұлттыққауіпсіздігімізге тигізер зияны, сол өңірдегі Павлодар мен Петропавлқалаларының байырғы аттарын қайтару керектігі жөніндегі ойларымды үнеміәлеуметтік желілерге жазып отырдым. Осының бәрі кейбіреулерге ұнамай қалғансекілді. Тіпті белгісіз нөмірлер арқылы біреулер телефон шалып, хабарламажіберіп, қорқытып-үркітпек те болды. «Сен жайлы қолымызда компромат бар. Ойлан.Отбасы, балашағаң бар. Кесірің соларға тиеді» десті. Әйеліме де телефоншалыпты. «Мұнымен не айтқыларың келеді? Кімсіңдер? Жүзбе-жүз көрісейік» десем,кездескісі келмейді. Тек телефон арқылы үркіту. Болмаған соң «әлгілерді тауыпберіңдер» деп, құқық қорғау орындарына шағым түсірдім. Шынымды айтайын,біреулер звондады екен деп, айылымды жияр мен жоқ. Өз тірлігіммен айналысыпжатырмын. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ол – экологиялық жасылдар партиясынқұру. Осылайша қоғамда өз орнымыздың, өз үніміздің бар екенін жалғастырабереміз.

–Қоғамда «партия құрамын» дегендерді «ол – биліктің жобасы» дейтін тенденцияпайда болды. Азаматхан Әміртай да биліктің жобасы ма?

– Өзгелер үшін мен жауап бермеймін. Егер де менбиліктің жобасы болсам, осы күні партия құрып, тіркеуден өтіп, жұмыс жасапжатар едік. Өкінішке қарай, олай болмай тұр. Өзім жетекшілік етіп отырған«Байтақ-Болашақ» экоальянсының әр облыста филиалдары, активтеріміз бар.«Табиғатты бірге қорғайық» дейтін жанашырларымыз әр аймақта жеткілікті. Біз бұлдеңгейге төрт жыл жұмыс істеп барып қол жеткізіп отырмыз. Жыл сайын көктем менкүзде ағаш отырғызып жатырмыз. Арнайы экологиялық бағыттағы ақпараттық порталаштық. Жыл сайын белгілі ғалым-академиктерді, мемлекет және қоғамқайраткерлерін шақырып, экологиялық конгресс өткізуді дәстүрге айналдырдық.Ақсақалдар кеңесін құрдық. Бұдан тыс, жастар қанаты бар. Сондай-ақ еліміздің әрөңірін аралап, қордаланып қалған экологиялық проблемаларды көтеріп жүрміз. Бірсөзбен айтқанда, атқарып жатқан жұмысымыз ұшан-теңіз. Мұның бәрін әлеуметтікжелілерде көрсетіп те, айтып та жүрміз. Жұрт «Байтақ-Болашақтың» жұмысыменжақсы таныс. Осы уақыт аралығында ұстанымы бір, көзқарасы тоқайласатын ірі топжинақтай алдық. Бір айта кетер жайт, бұл экоальянсты 2016 жылы қазақтың астамфилиал болуы керек, жаңа заң бойынша 20 мың қол жинауы керек. Үлкен қаражатқажет. Ұстанымыңды қолдайтын топ керек. Ал мұның бірі де жоқ адам тақыр жердеқалай партия құра қоймақшы? Қазір елімізге керегі, жетіспей тұрғаны – жасылдарпартиясы. Өркениетті елдерге қарасаң, қай мемлекетте болсын жасылдарпартиясының рөлі үлкен. Атқарар ісі ауқымды. Олар адамзаттың болашағы үшінкүресіп, қоршаған ортаны аман сақтап қалуға күш салып жүргендер. Бізге декерегі сол. Иә, «партия құрамын» деп, әр жерде айтып жүргендер көп. Бірақ соғансай жасап жатқан тірліктері нөл. Ал, шындығында, партия құру әркімнің ермегіболмауы тиіс. Ел алдында партияның атқарар жұмысы үлкен, жауапкершілігі молекенін кім де болса түсінгені жөн. Кез келген жерде ауыз өзімдікі екен деп, ұпайжинаймын деп, лепіріп сөйлей беру ешкімге пәтуа бермесі хақ. Алдымен соған сайтірлік жаса. Сосын барып айт. Онда әңгіме басқа.

–Қазіргі жағдайдың экономиканы тығырыққа тірегені ақиқат. «Қазақстанға жаңаэкономикалық саясат қажет. Біз жаңа бағдарлама әзірлеп жатырмыз» деп айтыпқалдыңыз. Осы жайында тілге тиек ете кетсеңіз.

– Бүгінгі күннің дәлелдеп берген бір ақиқаты – 30жыл «тек өркендеумен, өсумен келеді» деп, мақтан еткен экономикамыздың түккетұрғысыз екені. Қазіргідей қиын кезде кінәрат табылғаны. Ол кемшілікэкономиканың тек шикізатқа құрылғаны, яғни шикізаттық саясат басты орындатұрды. Экономика әртараптандырылмады. Соның зардабын әлемді шырмауына алған әрдағдарыс кезінде тартып келдік. Өйткені Қазақстанның бюджеті мұнайдан түсетінвалютаның есебінен жасақталып келгені белгілі. Бұрынғысын айтпағанда, қазіргікезге назар аударсақ, 2019-20 жылдардағы ел бюджетінде қара алтынның баррелініңбағасы 55 доллар деп есепке алынды. Солай бекітті. Тіпті жағымсыз сценарийжағдайында мұнай 45 долларға дейін арзандайды деп жобаланды. Бірақ бүгінгі күнімұнай баррелі 30 доллардың айналасында құбылып тұр. Бұл экономикаға үлкенсоққы. Ұмытпасақ, 2008 жылғы әлемдік дағдарысты еңсеру үшін Қазақстан Ұлттыққордан кем дегенде 20 миллиард доллар алып, әупірімдеді. 2015-16 жылдардағыөліара кезеңде де осынша қаржыны шығындауға мәжбүр болды. Бұл жағдай текмұнайға, жалпы, көмірсутегі отындарына сеніп отыра беруге болмайтынын көрсетті.Ұлттық қор мен Ұлттық банктің алтын-валюта резервіндегі қаржы ұлттың несібесі.Оны үкімет тізгінін ұстаған біліксіз басшылардың кесірінен оңды-солды шашаберуге болмайды. Ал дәл қазіргі жағдай (мұнай бағасы төмендеп, коронавирусіндеті өршіген тұста) экономиканы қайтадан құрылымдау қажет екенін көрсетті. Олүшін не істеу керек? Әрине, ең бастысы, жаңа экономикалық саясат. Ұлыреформалар жасау кезеңі келді. Экономика кез келген әлемдік сілкініске төтепберу үшін оның өзегінде не жатуы керек? Міне, бізге ең алдымен осыны анықтапалып, соған сай әрекет етуге тиіс күн туды. Эконномикада таңғажайып секірістер жасаған «Азия жолбарыстары» аталған елдердің жәнеЛатын Америкасында жатқан қайсыбір мемлекеттердің осы саладағы сәттіреформаларын зерттеп, қырсырына үңіле отырып оны өзіміздің мүмкіндігімізге,жағдайымызға сай пайдалануға болар еді. Экономикада сәтті реформалар жасап,жақсы табысқа жеткен кез келген мемлекет мемлекетті алға сүйрейтін ауырөндірісті жолға қоюмен қатар, халықтың бақуатты өмірін қамтамасыз ететін шағынжәне орта бизнеске айрықша көңіл бөлгені анық. Оны сол елдердің тәжірибесінеқарап аңғаруға болады. Бізге де осыны баяғыда жүзеге асыру қажет еді. Бірақэкономика саласында басты тізгінді ұстаған біліксіз басшылар бұған аса мәнбермеді. Мұнай мен газдан, түсті металдардан түскен валютаны санап, оныоңды-солды шашумен айналысты. Ал қазіргі кезде көмірсутегі отындарының бағасықұлап, құнды металдардың бағамы арзандаған тұста валюта да кеміді. Демек,пайдасы көп бұл аталмыш минералдардың бағасы қашан көтеріледі деп күтіпотырмай, жедел түрде экономиканы әртараптандыруды бастап кету керек. Еңбастысы, бізге шағын және орта бизнесті дамытуды қолға алған жөн. Шағынбизнестің негізгі функциясы жергілікті нарықты қажетті өнім және қызметтерменқамтамасыз ету, жұмыспен қамту екені белгілі. Қазіргі таңда елімізде шағын жәнеорта бизнестің экономикадағы үлесі 29 пайызды құрап отыр. Бұл өте аз. Мемлекетпен оның халқы бақуатты өмір сүру үшін ол 70 пайызға жетуі тиіс. Сол кезде бізешқандай әлемдік дағдарысқа пысқырып қарамайтын боламыз. Осы мақсатты алға қояотырып, қазір өзім жетекшілік етіп отырған «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсыбір топ экономистің басын қосып, Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын, яғнибағдарламасын жасауға көштік. Атап өтейін, елімізде біз бірінші болып, дағдарыскезінде экономиканы жөндейтін бағдарлама жасауды қолға алып отырмыз. Әрине, бұлжерде бәрін бүге-шігесіне дейін тізіп, қалай жүзеге асыру тетіктерін көрсету(өзгелер пайдаланып кетуі ықтимал) міндет емес. Негізгі салалардың шетжағасынайта кеткенді жөн көріп отырмын. Бірінші, шағын және орта бизнесті көтеру. Оныңэкономикадағы үлесін кем дегенде 70 пайызға жеткізу. Оны қаржыландыру,несиелендірудің пайыздық мөлшерлемесі қандай болуы тиіс екенін нақтылау. Шағынжәне орта бизнестің негізгі қамтитын саласын анықтап беру. Салықтардан босатутетіктерін жүзеге асыру. Екінші, отандық бизнестің өркендеуі үшін шеттенкелетін тауарларға салықты көбейту және олардың тасымалдануын шектеу. Осылайете отырып отандық бизнеске, отандық өндірушілерге жол ашу, өзіміз өндіргенөніммен елімізді толыққанды қамтамасыз ету һәм бәсекелестік жағдайды арттыраотырып өнімнің сапасын жақсарту. Экспортқа шығару. Үшінші, туризмді дамытуды елэкономикасы саясатының басты бағытының бірі ретінде қарастыру. Еліміздің әраймағында табиғаты көркем жерлер өте көп. Тағылымға толы тарихи орындар дажетерлік. Әлемде емдік қасиеті мол екі көлдің біреуі біздің елде, яғни Алакөл(екіншісі Канада елінде) екені белгілі. Осы көлдің айналасындағыинфрақұрылымдарды жақсартып, көлдің жарнамасын тек елімізде ғана емес, әлембойынша жасау керек. Мәселен, Моңғолияда тұрғызылған  Шыңғысханның 70 метрлік ескерткішін көру үшін жыл сайын ол елге миллиондаған турист атбасын тірейді. Ал бізде сол ұлы қағанның туған ұлы Жошының мазары тұр. Егер деәлемдік деңгейде жарнамасы жақсы болса, Жошының жатқан жерін көреміз деп,Қазақстанға да туристер ағылары хақ. Шеттен келген әр турист бірнеше мыңдолларын тастап кететінін ескерсек, соларға қызмет еткен кәсіпкерлердің жағдайыанағұрлым жақсармақ. Жалпы, елімізде жаһан тарихынан, адамзаттың өркендеукезеңінен хабар беретін ғажап орындар жеткілікті. Туризм дегенде, біз осыныескеруіміз керек. Төртінші, мұнайды тек шикізат ретінде сата беруді шектеукерек. Біз мұнайдан 4-5 өнім (бензин маркалары, дизельді отын) аламыз. АлГермания өз еліне импортталып келген мұнайдан 400-ге тарта өнім жасап, керісатады. Осының арқасында экономикасы алдыңғы қатарлы елдердің арасында. Бізгеде осындай жағдайға (жаңа экономикалық бағдарламада бұл көрсетілген) жетукерек. Қысқасы, елімізді тығырықтан алып шығатын жаңа экономикалық саясаттыжүзеге асырудың тұтқасын қолымызға беретін болса, біз дайынбыз. Және алдағы бесжыл ішінде экономикада үлкен секірістер орын алып, еліміздің бақуатты өмірсүретініне кепілдік бере аламыз.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Қайрат МАТРЕКОВ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз