Саясат

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағалығынан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

перуашев

Ол бұл туралы партияның кезекті съезі барысында хабарлаған. Жиында Перуашев өз өкілеттігін тоқтататынын айтып, төраға лауазымына қазіргі орынбасары, Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынған.

Оның айтуынша, партия басшылығы тұрақты түрде жаңарып отыруы тиіс. Бұл ішкі монополияның қалыптасуына жол бермеуге және жаңа идеялардың келуіне мүмкіндік береді.

Азат Перуашев 2011 жылдан бері Ақ жол демократиялық партиясы төрағасы қызметін атқарып келген.

2012 жылдан бастап ол Мәжіліс депутаты ретінде партия атынан сайланып келеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз