Қоғам

Әзербайжан президенті Олжас Сүлейменовті 90 жасымен құттықтады

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, оны «түркі әлеміндегі айтулы тұлғалардың бірі» деп атады.

алиев

Құттықтау хатында Әлиев Сүлейменовтің шығармашылығы түркі халықтарының мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, ақынның еңбектері әрдайым азаматтық ұстанымымен, терең мазмұнымен және ұлттық құндылықтарға деген құрметімен ерекшеленеді.

Әзербайжан президенті сондай-ақ Сүлейменовтің түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атады. 

Сонымен қатар Илхам Әлиев ақынның 1980-жылдардан бергі қоғамдық-саяси қызметін еске алып, оның Әзербайжанның ұстанымын қолдағанын ризашылықпен жеткізді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз