Әзербайжан ұшақ апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа береді
![Ақтау ұшақ апаты](/static/img/image.jpg)
Әзербайжан БАҚ өкілдерінің жазуынша, ресейлік шенеуніктер, сарапшылар және БАҚ өкілдері Ресейдің оқиғаға қатысы барын жоққа шығарып, кінәні экипажға артуға тырысып жатыр. Бұл тактика 2014 жылы Донбасс үстінде атып түсірілген малайзиялық Boeing 777 ұшағына қатысты жағдайды еске түсіреді, ол үшін «Мәскеу әлі жауапкершілікті мойнына алған жоқ».
Әзербайжан AZAL ұшағының құлауына байланысты Ресейді айыптап, халықаралық сотқа шағым түсіріп жатыр, деп хабарлайды Azeri-Press агенттігі.
Ведомство Қазақстанның Көлік министрлігінің AZAL ұшағының апатқа ұшырауы туралы алдын ала есебін жариялағаннан кейін «Ресей тарапы оқиғаға бейтарап түсініктеме беруді жалғастырып жатқанын» атап өтті.
Хабарламаға сәйкес, 05:13:32-де ұшақтың басқару жүйелері істен шықан уақытта, 05:21:42-де диспетчер Грозныйда «Ковер» операциясы басталғанын хабарлаған.
«Ұшақ экипажы бұл туралы алдын ала білуі мүмкін емес, бұл Ресей билігінің ақпаратты жасыру әрекетін көрсетеді», - делінген хабарламада.
Басылым осы фактілерге қарамастан, ресейлік шенеуніктер, сарапшылар және БАҚ өкілдері Ресейдің оқиғаға қатысы барын жоққа шығарып, кінәні экипажға артуға тырысып жатыр. Бұл тактика 2014 жылы Донбасс үстінде атып түсірілген малайзиялық Boeing 777 ұшағына қатысты жағдайды еске түсіреді, ол үшін «Мәскеу әлі жауапкершілікті мойнына алған жоқ», - деп жазады.
«Қазіргі уақытта Грозныйдағы Ханқала әскери базасында тергеу жүріп жатыр. Ұшақ осы әскери база аумағынан атылған», - делінген хабарламада.
Reuters агенттігінің 4 ақпанда хабарлауынша, Әзірбайжан билігінде атуға бұйрық берген және оқ атқан тұлғалар, сондай-ақ қолданылған қару түрі туралы ақпарат бар.
«Осы фактілерге, дәлелдер мен белгілерге қарамастан, Ресей тергеуді басқа жаққа бұрып, кінәні экипажға артуға тырысып жатқаны өте өкінішті. Қазір тергеуге Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Ресей және ұшақты шығарған Бразилияның мамандары да қатысуда, яғни, бастапқы есепте көрсетілген барлық фактілер ресейлік тарапқа да белгілі», - делінген хабарламада.
Әзірбайжанда ұшақты атып түсірген ресейлік «Панцир-С» зымыранының сынықтары бар.
«Қазіргі уақытта фактілер мен дәлелдемелерді жинап, халықаралық сотқа шағым түсіруге дайындық жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Осыған қарамастан, Ресей диалог жасаймын десе Әзербайжан есігі әрқашан ашық. Мәскеу өз кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алуы керек, әйтпесе Баку келесі қадамдарға дайын екені жазылған.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанның Ақтау әуежайының маңында AZAL әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алған.