Қоғам

Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Вьетнамды жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында үшінші кездесуін өткізді.

гандбол

Бұл жолы қазақстандықтар Вьетнаммен жолықты. Екі таймның қорытындысы бойынша 29:25 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдан 34:24 есебімен, Оңтүстік Кореядан 42:18 есебімен жеңілген еді.Сондай-ақ бүгін, 22 қыркүйекте ерлер құрамасы Азиадағы екінші ойынын өткізді.

Отандастарымыз Кувейт командасымен кездесіп, 43:19 есебімен жол берді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз