Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 16 Мамыр 2024

«Азық-түлік корпорациясының» директоры мен бас маманы ұсталды

а
Фото: из открытых источников

«Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды. Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді. Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды, делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ал, қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш берген.

Айта кетейік, ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Фото: Антикор