«Азия ғасыры»: терроризм мен экстремизм ғана емес, шөлейттену, климат мәселесі де өзекті
13 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жанындағыҚазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сыртқыістер министрлігінің ұйымдастыруымен «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» атты Орталық Азиядағы Қауіпсіздік жәнеынтымақтастық форумы өтті.
Форумды ашқан Президент жанындағы стратегиялық зерттеулеринститутының директоры Еркін Тұқымов әлем назарын тіккенжиынға шетелден келген сарапшылардың назарын бұра отырып,ҚСЗИ басшысы: «Бүгін бір мақсатта жиналып отырмыз – аймақтыққауіпсіздікті дамыту және идеяларды бөлісу, жаңа шешімдерді табу, Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін қарастыру. Биыл форум 25 елденкелген 60 көшбасшының басын біріктіріп отыр, – деді.Институт директоры қатысушылардың назарын қауіпсіздік пенынтымақтастыққа арнайы аудара отырып, дәстүрлі және дәстүрліемес қауіпсіздікті де естен шығармау керектігін алға тартты.
– Орталық Азия қарқынды даму жолында. Атап айтар болсақ, экономикалық, технологиялық, геосаяси бағытта да үлкен мәнге ие.Қазіргі таңда «Азия ғасыры» басталды. Жер шарының 69 пайызхалқын Азия құрайды, мұнда халық тығыз қоныстанған. Бүгінде«азиялық болу» инновациялық, ашық болу дегенді білдіреді.Болашақта Азияның жағдайы әлемнің жағдайына ықпал ететінітүсінікті жайт. Сондықтан осы форумды өткізіп отырмыз, – деді Е.Тұқымов.
Барлық ел үшін ең үлкен қауіп – тәуелсіздікті жоғалту болыптабылады. Қазақстанда мұндай қауіп жоқ, бірақ соған қарамастанбей-жай отыруға болмайтынын, қандай мәселелер туындауымүмкін екендігін әрқашан нақты бағалап отыруды естен шығармауқажеттігі жайлы айтты.
«ХХІ ғасыр – Азия ғасыры. Ол бүкіл әлемнің инновациялық жәнесаяси орталығына айналуда. Бүкіл жер бетіндегі халықтың 60пайызы Азияда тұрады. Осы себепті біз Орталық Азияның мұндақандай рөл атқаратынын түсінуіміз керек. Біз өзіміз үшін қалайдамитынымызды, Азия әлемімен қарым-қатынас орнатудышешуіміз керек. Президент күрделі саяси реформаларды бастады, бірақ қазір біз енді ғана қолға ала бастаған күрделі экономикалықреформаларды қалаймыз. Ал біз кіммен айналысамыз? Біріншіден, менің ойымша, бұл – Азия. Бұл – Қытай, Үндістан. Менің ойымша, сыртқы саясатымызда біз бұрынғы ұстанымдарды ұстануымызкерек. Бұл әртүрлі қақтығыстардан тыс қалуға және сонымен біргемемлекетімізді, Қазақстанымызды дамытуға мүмкіндік беретін көптеген векторлық саясат. Біз мұндай диалог алаңдарын не үшінжасаймыз? Біздің қауіпсіздігіміз, егемендігіміз ақшамен өлшенбейді.Бұл шақырылған сарапшылардың барлығы жай ғана сарапшыларемес, сол елдердегі шешімдерді қабылдайтын орталықтарға жақынадамдар. Олар біздің ұстанымымызды басшылыққа алады. Жалпы, бізде пікір алмасу басқаша құрыла бастайды. Бұл біздіңегемендігіміз бен дамуымыздың мәселесі», – деді институтбасшысы.
Сөз соңында ҚСЗИ директоры Қазақстан және басқа елдер үшін деең басты қауіп – тәуелсіздік екенін, оны жоғалтып алмаудыңмаңыздылығын, ондай қауіптің жоқ екеніне қарамастан, «үйартында кісі бар» демекші, сырттан қауіптің бар екендігіне нақтыбаға беру керектігін баса айтты. Сондай-ақ, бүкіл әлем бүгін таңдаөз назарын тек ғана экстремизм мен терроризмге тіктепотырғанына, дегенмен бізді алаңдататын басқа да мәселелер барекеніне, ол – климаттың өзгеруі, шөлейттену мәселесі боп тұрғанынайтып, сарапшылардың назарын соған аударды.