Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:05

Азия ойындары-2025: Қазақстан спортшылары тағы бір медаль жеңді

Евгений Кошкин
Евгений Кошкин. Фото: ҚР ҰОК, Сали Сабиров

Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан екінші жүлдесін жеңіп алды.

Ерлер арасындағы 100 метрге жүгіруде Қазақстан құрамасының конькишісі Евгений Кошкин күміс жүлде иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан шорт-трек құрамасы Азия ойындарында 2000 метрге аралас эстафетада күміс жүлдегер атанды. Бұл спорт түрі бойынша Қытайдың Харбин қаласында өткен жарысқа ел атынан Яна Хан, Малика Ермек, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов қатысты.

Алтын медальді Оңтүстік Корея спортшылары жеңіп алды. Үшінші орынды Жапония спортшылары иеленді.

Қысқы Азия ойындары 7 ақпанда ашылды. Ойындар Харбин мен Ябулиде өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан атынан 137 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Жарысқа Азияның 32 елінен мыңнан астам спортшысы барған.

Медальдар спорттың 11 түрінен беріледі. Шорт-тректен басқа, оларға конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, тау шаңғысы, сноуборд, фристайл, шаңғы жарысы, биатлон және шаңғымен альпинизм кіреді.