спорт

Аяқ киіміне байланысты "алтыннан" айырылған Тоқсанбаеваға Қазақстан жүлдеақы төлейді

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Азия ойындарында аяқ киіміне қатысты талаптан кейін алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға жеңімпазға тиесілі жүлдеақыны өз қаражаты ес

Ясмина

Төлем шағымды қарау нәтижесіне қарамастан жасалады.

Еске салайық, Тоқсанбаева спорттық жүрістен 42,195 шақырымдық марафонда 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижемен мәреге бірінші келген. Алайда жарыстан кейін спортшы дисквалификацияланды.

Федерацияның түсіндіруінше, спортшы жарысқа шыққан ASICS бренді World Athletics рұқсат берген аяқ киімдер тізімінде бар. Алайда Тоқсанбаева киген нақты модель ресми тізімге енгізілмеген.

Сонымен бірге жарыс алдында оның аяқ киімі ресми тексеруден өтіп, төрешілер алқасы спортшыны жарысқа жіберген.

Қазақстан тарапы дисквалификация туралы шешімге байланысты ресми наразылық пен шағым жолдады.

"Федерация Ясминаның құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысын жалғастырады. Біз үшін ол – чемпион. Наразылықты қарау нәтижесіне қарамастан, жеңімпазға қарастырылған барлық жүлдеақы федерацияның өз қаражаты есебінен толық төленеді", – деп мәлімдеді федерация.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз