спорт

Әлем чемпионы Қазақстанға Азиададағы бокстан алғашқы медальді сыйлады

Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалында жапониялық Юна Нишинаканы жеңіп, Қазақстан қоржынына бокстан алғашқы жүлдені салды.

Алуа Балқыбекова

51 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Айбек Оралбай Қазақстан ерлер құрамасынан бірінші болып жартылай финалға жолдама алған еді.

Өткен жылы Алуа Балқыбекова екі ұйымның нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Наурызда ол 50 келіге дейінгі салмақта IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында жеңіске жетсе, қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында топ жарды.

Қазақстан бокс құрамасының Азиададағы нәтижесі

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 11 боксшысының бесеуінен айырылды.

60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов алғашқы айналымда жарыстан шығып қалса, 80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов та қарсыласына жол берді. Екеуі де Оңтүстік Корея өкілдерінен жеңілді.

Әйелдер арасында үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Қазір Айбек және Нұрбек Оралбай, Төрехан және Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова жарысты жалғастырып жатыр.

Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз