Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:06, 08 Ақпан 2024

Әзербайжандағы президент сайлауында Әлиев жеңіске жетті

Әлиев
Фото: из открытых источников

Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиев 92,1 пайыз дауыспен кезектен тыс сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Сайлау нәтижелері бойынша екінші орында 2,2 пайыз дауыспен парламент депутаты, өзін-өзі ұсынған кандидат Захид Орудж тұр. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мазахир Панаховтың айтуынша, сайлауға сайлаушылардың 76 пайыздан астамы қатысқан. Экзит-полл сарапшылары жалпы нәтиже осындай болады деп болжаған. 

Деректерге сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев – 93,9%, Захид Оруж – 1,8%, Фазиль Мұстафа – 1,5%, Гудрат Гасангулиев – 1,2%, Рази Нұруллаев – 0,9%, Эльшад Мұсаев – 0,4% және Фуад Әлиев 0,3% дауыс жинады.