16:35, 10 Мамыр 2024
БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», - деп жауап берді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін оның жұбайы Карина Мамаш әлеуметтік желіде елші күйеуінің өзін 10 жыл бойы ұрып-соққанын айтып, көмек сұраған болатын.
Фото: 24smi.org