Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 06 Мамыр 2024

Бағдат Мусин қызметінен неге кетті?

в
Фото: из открытых источников

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шын мәнінде қызметінен босатылған. 

КазТАГ мәліметінше, Мусиннің көп сөзінен бәрі шаршапты.

«Ол жоғары деңгейдегі жиында өзі жетекшілік ететін саладағы істің атқарылуы туралы баяндамасынан кейін қызметінен босатылды. Қойылған сұрақтарға жауап бермеген соң, оның «көп сөзінен» бәрі шаршады және ол бұрын жарияланған нұсқау бойынша өзін ақтай бастады. Сондықтан, оған өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мүмкіндік берілді. Бұл шын мәнінде, жұмыстан шығару болған», - деп жазады ҚазТАГ ақпарат көзі.

Сондай-ақ, басылым Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазады, алайда, оған қатысты қылмыстық істер бойынша ешқандай ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды. Ал, 2024 жылдың 30 сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты. Кейінірек Мусин әлеуметтік желіде өзінің отставкаға кеткенін хабарлады.

Фото: kapital.kz