Саясат

БАҚ: Залужный Зеленскийге президент сайлауына қатысатынын айтты

Украина Қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Валерий Залужный Украина президенті Владимир Зеленскийге мемлекет басшысы сайлауына қатысатынын мәлімдеген.

Залужный мен Зеленский

 Бұл туралы «Украинская правда» басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, маусым айының ортасында Зеленский Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, оның орынбасары Олег Татаров, «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, қорғаныс министрі Михаил Федоров және Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровпен жабық кездесу өткізген.

Кездесуде 2026 жылдың күзінде президент сайлауын өткізу мүмкіндігі талқыланған. Бұған жабық әлеуметтік сауалнама нәтижелері негіз болған. Онда Зеленскийдің рейтингі төмендеуі тоқтап, қолдауы аздап өсе бастағаны көрсетілген.

Сауалнамаға сәйкес, президент сайлауының бірінші турында сайлаушылардың 33 пайызы Зеленскийді, 22 пайызы Залужныйды, ал 14 пайызы Кирилл Будановты қолдауға дайын.

Алайда екінші турда Зеленский әзірге Залужныйдан қалып келеді. Сауалнама нәтижесі бойынша Залужныйды 37 пайыз, ал Зеленскийді 32 пайыз қолдайды.

«Украинская правданың» жазуынша, ықтимал қарсыласының жоспарын білу үшін Зеленский қазіргі таңда Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі қызметін атқарып жүрген Залужныйды Киевке шақырған.

Ресми түрде кездесудің себебі Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің ықтимал отставкасына дайындық ретінде түсіндірілген.

Алайда басылым дереккөздерінің айтуынша, кездесу барысында Зеленский Залужныйдан күзде сайлау өтсе, оған қатысатынын сұраған. Бұған Залужный «Иә. Қатысамын» деп жауап берген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз