Қоғам

Бақбақ жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстан аумағында Қызыл кітапқа енген көксағыз бақбағын жұлған азаматтарға 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Бақбақ

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді. Оның айтуынша, заңнамада сирек кездесетін бұл өсімдікті жұлғандарға қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Тыйым барлық бақ-бақ түрлеріне емес, тек Қызыл кітапқа енгізілген көксағыз бақбағына қатысты. Вице-министрдің сөзінше, аталған өсімдікті заңсыз жұлғандарға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

2026 жылғы есеп бойынша бұл шамамен 12 млн 975 мың теңге болады.

«Бұл жойылып кету қаупі бар сирек өсімдік. Сондықтан осындай қатаң айыппұл енгізілді. 2019 жылы депутаттардың бастамасымен айыппұл көлемі 10 есеге ұлғайтылды. Негізгі мақсаты сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді қорғау», – деді Нұркен Шәрбиев Үкіметтегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, көксағыз бақбағы негізінен еліміздің оңтүстік өңірлерінде өседі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз