Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:19, 13 Ақпан 2024

Бақытжан Базарбек жаңа құрылыс кодексін рефератқа теңеді

құрылыс кодексі
Фото: из открытых источников

Бақытжан Базарбек заң жобасының таныстырылымынан кейін, заңда ешқандай жаңалық жоқтығын айтты. Оның сөзінше, жауаптылар үш заңды қосып, бір заң ретінде кіргізе салған. 

– Тимур Базарбайұлы мұнда, біз “күшейттік” дейді. Былай дейін: алдымен, тек факттарға сенейік. Бұл заң жобасын мен бастан-аяқ зерттеп шықтым. Бірақ менде бұрынғы сұрақтардан көп сауалдар пайда болды, – дейді ол.

Мәжіліс депутаты Базарбектің сөзінше, құрылыс кодексінің 78-бабы басқа заңнан көшірілгенін баса айтты. Сонымен қатар, кодекстің 84-бабы да, 86-бабы да еш өзгеріссіз көшірілген.

– ПДП онда жылына екі рет түзетіледі. Қоғам тарапы оған наразы болған. Құрылыс кодексінде осы түзеле ме десек, қалыпты. Алматыдағы митингтер осы үшін болып жатыр. Лоббистік норманы Тимур мырза алады да, өзгеріссіз қалдырады. 83-бапты қарасаңыз, функционалдық аумақ туралы. Тау бөктері көшкін жүруі мүмкін орын ретінде қаншама рет ескертілген. Ескі заңнан ол да көшірілген. Ескі заңдағы лоббистерді қорғайтын нормалар жаңа кодекске көшірілген. Бітті. Таяуда көшкіннің салдарынан бір отбасы Алматыда көз жұмды. Сол үйлер тұрған аумақ жалпы қоғамдық орын саналатын. Қоғамдық орындарда құрылыс жүргізбейтін шығар деп ғылыми орта үміттенген. 86-бап болса құрылысшылардың мүддесі үшін қалып отыр. 87 бапта рекрациялық аймақтар туралы айтылады. Құрылысшылар рекреациялық аумақтарды отап, үй салады. 87-бап сол күйі көшірілген. Мұндай заңды оныншы сыныптың оқушысы да жаза алады, бірінші курс студенті дейікші жарайды. Бұл реферат, – дейді ол.

Осылайша Бақытжан Базарбек заң жобасына ақ қағаз деп баға берді.