Live

Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың денсаулығына қатысты пікір білдірді

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтың жағдайына қатысты жаңа ақпарат жарияланды.

Бақытжан Базарбек

Жәбірленушінің туыстары видеоүндеу жасап, қазіргі уақытта Базарбектің отбасы қасында болып, қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты. Зардап шеккен азаматтың әпкесі Нұржігіттің айтуынша, экс-депутат оның ағасының аяққа тұрып кетуі үшін барынша қолдау көрсетіп жатыр.

«Ол қолынан келген барлық көмекті көрсетіп, ағамның аяғынан тік тұруы үшін барын жасап жатыр», – деді ол.

Өз кезегінде Бақытжан Базарбек зардап шеккен азаматтың денсаулығында аз да болса оң динамика бар екенін хабарлады. Сонымен қатар ол қоғамды оқиғаға қатысты расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Экс-депутаттың айтуынша, қажет болған жағдайда жәбірленушінің Астана немесе Алматы қалаларында әрі қарай ем алуына да көмек көрсетуге дайын.

Осылайша, тараптар қазіргі басты назар зардап шеккен азаматтың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталғанын атап отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз