Бақытжан Сағынтаев күйеу баласының өліміне қатысты іс тоқтады
Алматы полициясы Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеуді тоқтатты.
Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.
«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі Тіркелген қылмыстардың бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу шараларының қорытындысы бойынша қылмыс болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағының негізінде қылмыстық іс тоқтатылды, - деді Алматы полиция департаменті.
Айта кетейік, Бақытжан Ибрагим 2018 жылы Германиядан экстрадицияланып, Bank RBK-дан ақша жымқырғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2024 жылдың басында босатылды. Оған үкім шығарылғанға дейін (бір жарым тәулік) тергеу изоляторында өткізген уақыты есептелді.
Алайда наурыз айында Алматы полиция департаменті кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады. Одан кейін «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша іс қозғалды.