Балаларды Дубайдағы байқауға апармақ болған: Астанада ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды
Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарынан полицияға ұжымдық арыз түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 32 жастағы ер адам ата-аналардың сеніміне кіріп, үйірме тәрбиеленушілерін байқауға қатысу үшін Дубайға апаруды ұйымдастыруға уәде берген. Осы сылтаумен азаматтардан әртүрлі мөлшерде ақша алған.
Қазіргі уақытта алдау жолымен ақша қаражатын иемденудің 11 дерегі анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ басқа да тұлғалардың болуы мүмкін қатыстылығы анықталуда.