Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:13, 12 Қыркүйек 2024

Баласының тәртібі үшін 84 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды

т
Фото:/primeminister.kz

Балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 84 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды. Бұл туралы Үкіметте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралған жиында айтылды.

Биыл бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 70 қылмыстық іс қозғалған. Балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 84 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды. Осыған байланысты 6,5 мың мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылды. Сынып жетекшілері рөлінің маңыздылығын ескере отырып, мұғалімге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін арттыру мүмкіндігі пысықталып жатыр, делінген хабарламада.

Сонымен қатар құрдастарына теріс әсер ететін 1700 заңсыз «көшбасшы» анықталып, бақылауға алынды. Жалпы, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға, биыл 5%-ға төмендеген.