Қоғам

Ресейдің туын төсеніш ретінде пайдаланған өзбекстандық әйел еліне қайтарылады

Ресейдің Нижегород облысында Өзбекстан азаматшасына қатысты іс жергілікті құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Бұған оның жерге төселген, Ресейдің мемлекеттік туы бейнеленген кілемшені пайдалануы себеп болған.

Ресей

Рейд барысында полицейлер аталған затты анықтап, оны Ресейдің мемлекеттік туын қорлау бабы бойынша бағалау мәселесін қарастырған. Оқиғадан кейін Өзбекстанның Қазандағы Бас консулдығы Ресей тарапына ресми сауал жолдап, істің барлық мән-жайын анықтау және өз азаматына құқықтық көмек көрсету шараларын қолға алған.

Өзбекстанның Көші-қон агенттігі де азаматшамен байланыс орнатып, оған консулдық-құқықтық қолдау көрсеткен. Сондай-ақ Көші-қон қорының қаражаты есебінен Ташкентке ұшақ билеті сатып алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматша 6 тамыз күні Өзбекстанға оралады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз