Саясат

Балқаштықтар Бөлекпаевқа қандай шағым айтты?

Металлургтердің мәдениет үйіде Ермағанбет Бөлекпаев облыстың басқарма басшыларымен бірге Балқаш қаласы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Балқаштықтар Бөлекпаевқа қандай шағым айтты?

Екі жарым сағатқа созылған  уақыт ішінде 69 адам көкейде жүрген мәселелерге жауап алды. Әрбір екінші тұрғын облыс әкіміне сұрақ қойды.

 Балаларын еріте келгендерге  ойын алаңы ұйымдастырылды.

– Кездесудің жаңа форматы қызықты. Барлық саланың жетекшілеріне жеке мәселемен жолығып, қиындықты бүкпесіз айтып жеткізуге болады. Күрделі проблеманы облыс әкіміне қарйрылып шешуге мүмкіндік мол,-дейді қала тұрғыны Анар Адамбекова.

Дегенмен,  шағын шаhардағы өткір проблема  – халықты сумен біркелкі  жабдықтау қиынға тиюде.  Коммуналдық саладағы кедергі көптен бері елді титықтатып отыр.

Қала белсенділері әкімге  су тапшылығын  шешу бойынша нақты  ұсыныстарын жеткізді. Олардың пайымдауынша, Балқаш көлінің экологиясын жақсарту үшін қамыс тоғайларын жойып, шығанақтағы бөгеттердің жүйесін өзгерту қажет.

–Жасыратыны жоқ,  біз таза ауыз суды шамадан тыс көп тұтынамыз. Онымен бау- бақшаларымызды суарамыз. Оның үстіне, тіршілік нәрін комбинат  санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланады. Көлік жуушылар да суды осы арадан алады.  Келешекте бұл мәселені  реттеу қажет, төңіректегі  су көздерін де кәдеге жаратпаса болмайды, – дейді Тайтолеу Жұманов.

Тұрғындар аймақ басшысына қаланы  абаттандыру, әлеуметтік көмек көрсету, инфрақұрылым сапасын жақсарту, туризмді дамытуға қатысты ойларын да айтты.  Балқаштықтықтардың ендігі бір бөлігі-  жер телімдерін бөлу, коммуналдық қызметтің тарифін белгілеу, халыққа әлеуметтік көмек көрсету және медициналық қызметтер сапасын жақстарту  тетіктерін де қаузады.

Қаладағы оқырмандары  "Қазпошта" жұмысына көңілі толмайды.  Балқаштағы мерзімдік баспасөзге жазушыларға  газет үлкен кідіріспен жеткізіледі. Ағарту саласының ардагерлері  облыстық білім басқармасының басшыларынан кезінде қаладағы  білім саласын көтеруге орасан зор үлес қосқан осы өңірге   танымал ұстаз Зейнолла Далибаевтың есімін ел жадында қалдыру үшін арнайы шаралар ұйымдастыруды сұрады.  

Облыс жетекшісінің  жүздесуіне Алматыдан арнайы келген  қоғам қайраткері Әйгерім Тілеубай көпшілікке экологиялық қауіпсіздік жобалары туралы айтып берді. Табиғат жанашыры  мұраттастарымен  Балқаш көліне қамқорлық жасау бағытында  мектеп ұйымдастырған.

Тегтер: Без Тега
Айтбала Сүлейменқызы
Айтбала Сүлейменқызы Айтбала Сүлейменқызы

Оқыңыз