Қазақстанда Жоғарғы соттың алты судьясы қызметінен босатылды
Құрылтай отырысында сот жүйесі мен депутаттық корпусқа қатысты кадрлық шешімдер қабылданды.
Палата шешімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының алты судьясының өкілеттігі тоқтатылды. Қызметінен кеткендер:
- Марина Боровик;
- Нұржан Қайыпжан;
- Валерий Ноздрин;
- Мәдениет Омарбеков;
- Сәкен Абдолла;
- Аслан Түкиев.
Сонымен қатар Депутаттық мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Савельева биылғы тамыз айынан бері парламент құрамында қызмет атқарған. Бұған дейін, 2016-2023 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі қызметін атқарған.