Әлеумет

Бас прокуратура үйқамақта отырған Олеся Кексельдің әуежайдағы фотосына қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде үйқамақта отырған Олеся Кексельдің әуежайда жүрген фотосы тарап кеткен еді. Бас прокуратура аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірді.

Кексель

Прокуратураның мәліметінше, Олеся Кексель 20 ақпан мен 23 сәуір аралығында тергеу әрекеттеріне қатысу мақсатында ресми түрде Алматыда болған. Қажетті процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін ол Астанаға қайта оралған.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Кексель үйқамақта отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Кексельге азаптау ісі бойынша айып тағылып отыр.

Олеся Кексель 2018 жылы арнайы прокурорлар қызметін басқарған. Ол антикордың сол кездегі басшылары Талғат Татубаев пен Қайрат Қожамжаровтың командасында жұмыс істеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз