Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Бас санитар дәрігер қазақстандықтарды короновирусқа қарсы вакцинациялау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады.
«Коронавирус инфекциясын халық арасында таралуын болдырмау мақсатында қаулы етемін:
Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес „Қазақстан Республикасында халықтың коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация“ әдістемелік ұсынымдары бекітілсін;
Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вакциналарды сақтау және тасымалдау туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін», — делінген қаулыда.
Бірінші кезекте ресейлік вакцина салынады. Ал қазақстандық вакцинаны кейінірек салу жоспарланған. Бүгінде ол клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде.
Кеше премьер-министр Асқар Мамин жаппай вакцинация бойынша тапсырма берген болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты.