Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 09 Тамыз 2024

Батырхан Төлеуғали Олимпиадада алғашқы қарсыласын ұтты

у
Фото: Сали САБИРОВ/ gov.kz

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Олимпиада ойындарында алғашқы қарсыласын ұтты.

Париж Олимпиадасына барған ең жас спортшы Батырхан Төлеуғали (80 кг) алғашқы жекпе-жегінде Исмаэль Кулибалидан басым түсті. Есеп: 2-1.

Енді Батырхан ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен (Италия) күш сынасады.

Айта кетейік, Батырхан - жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Ал Мали таеквондошысы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.