Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:17, 25 Сәуір 2024

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келе жатқаны айтылды

с
Фото:

Таңертеңгі мәліметке сәйкес, Жайық өзеніндегі су деңгейі 850 см құрап, 4 см түсті.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі біртіндеп төмендейді. БҚО әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткеннің айтуынша, су тасқыны басталғалы бері 13 980 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5782-сі бала.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 12 эвакуациялық пунктке 2487 адам орналасты. Оларға қажетті заттар мен азық-түліктер уақытылы жеткізілуде. Тұрғындарға тұрақты негізде медициналық бақылау жүргізіледі», - деді ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік көмек беріліп жатыр. Бүгінгі таңда 1541 адамға 561 млн теңгеден астам қаржы төленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Сондай-ақ, облыстардан және басқа да шет мемлекеттерден 337 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

«Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға облыстан және басқа аймақтардан барлығы 11 мыңға жуық адам, 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жағдай әлі де бақылауда. Облысымыздың Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласында кезекшілік жүргізілуде. Облыс көлемінде Жайық өзенінің бойында 142 км дамбы тұрғызылған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Фото: ҚР ТЖМ

Тегтер: