Live

Батыс Қазақстанда АИТВ (ВИЧ) диагнозы қойылған 10 адамның қайда екені белгісіз

Батыс Қазақстанда АИТВ (ВИЧ) диагнозы қойылған 10 адамның қайда екені белгісіз

ВИЧ

Батыс Қазақстан облысында АИТВ диагнозы қойылған 10 адам іздестіріліп жатыр. Олардың қазіргі уақытта қайда екені белгісіз. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында өңірде АИТВ жұқтырудың 44 жаңа жағдайы анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз. 2025 жылдың тоғыз айында 55 адамнан инфекция табылған.

Қазір облыста АИТВ жұқтырған 755 адам диспансерлік есепте тұр. Биыл олардың үшеуі қайтыс болған. Былтыр бұл көрсеткіш төрт адамды құраған.

Дәрігерлердің тұрақты бақылауында АИТВ жұқтырған 11 жүкті әйел бар. Олардың алтауы босанған. Ал өткен жылы есепте 13 жүкті әйел тұрып, оның тоғызы сәби сүйген. Сонымен қатар биыл өңірде бес жастағы баладан да АИТВ анықталған. Эпидемиологиялық тексеру барысында инфекцияның балаға анасынан берілгені белгілі болған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, облыста медициналық көмек көрсету, қан құю немесе стоматологиялық емшаралар кезінде АИТВ жұқтыру деректері тіркелмеген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: БҚО ВИЧ
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз