Live

Палестинада қаза тапқандар саны 74 640-қа жетті

Палестинадағы мәжбүрлі қоныс аударған тұрғындардың жағдайы қыс түскен сайын қиындап барады.

Палестина

Жауын-шашыннан шатырларды су басып, адамдардың азабы арта түскен. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі соғыстағы адам шығыны туралы жаңа статистиканы жариялады.

Министрліктің мәліметінше, соңғы 48 сағатта 10 адам қаза тапқан. Оның алтауы жаңадан тіркелген құрбандар болса, екеуі алған жарақатынан көз жұмған. Тағы екі адамның денесі үйінді астынан шығарылған. Сонымен қатар 22 адам жараланған.

2025 жылғы 11 қазанда күшіне енген бітімнен бері:
🔺1 610 адам қаза тапқан;
🔺5 819 адам жараланған;
🔺849 адамның денесі үйінді астынан шығарылған.

Бұған дейінгі деректер де қайта қаралып, тексеру комиссиясы тағы 12 адамның қазасын растаған. Соғыс басталғалы бері Палестинада қаза тапқандар саны 74 640-қа, жараланғандар 175 947-ге жеткен.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз