Баяндама оқып, боқауыз сөз сөйлеген депутат айыппұл арқалады
Жиналыс кезінде сөз арасында боқтап жіберген Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке айыппұл салынды. Сонымен қоса оған мәслихат тарапынан сөгіс берілген.
Тимур Елеусізовтың айтуынша, 22 ақпанда ол полицияға барып, түсініктеме жазған.
Депутат әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" (434) бабы бойынша жауапқа тартылған (20 АЕК – 73 840 теңге көлемінде айыппұл) .
– Ең бастысы, біз бәрімізді қоршап тұрған мәселелер және оларды шешу жолдарын ойлануымыз керек. Қамықпаңыздар, жағдай осындай, әркім өз қорытындысын жасады, сабақ алды, - деді ол.
Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.
Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді, – делінген пікірде.