Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:47, 08 Қараша 2023

Бес мыңнан аса адам Айс Муратоваға алданып, 30 млрд теңгесінен айрылды

ақша
Фото: из открытых источников

Айс Муратова атымен көпшілікке танымал 28 жастағы Арайлым Қожамұратова еліміздің түкпір-түкпірінен қыз-келіншектерді сан соқтырып отыр. Әлеуметтік желідегі алданған халықтың арыз-шағымдарына сүйенсек, Айс Қытай мен Қазақстан арасында арзан тауар әкелемін деп талай ақшаларын жымқырып кеткен. 

Ал алданған халық оның жазадан құтылып кетуіне алаңдаулы. Бұл туралы мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мәжіліс отырысында интернет алаяқтарына тосқауыл болу үшін, тергеу-тексеру амалдарын жүргізу туралы Бас прокуратураға депутаттық сауалын жолдаған.

"Қытайдан арзан тауар әкелемін деп, елді сендірген Айс Муратоваға (Шын аты Арайлым) алданғандар саны 5000-нан асады. Айсқа сеніп, переводпен кеткен ақша көлемі 30 миллиардқа жетіп отыр. Ойлаңыздаршы, елде 10 мектеп салуға болатын ақша! Немесе орта есеппен 2000 пәтердің ақшасы!!! Мен тек чек жиналған 3-4 папканы көрсеттім. Бұндай 3 пакет бар!!!

Әділетті Қазақстан десек, тергеу жұмыстары әділетті жүру керек. Әрі бұл іс Бас прокурордың жіті бақылауында болу керек. Сол себепті де депутаттық сауал жолдадым. Себебі алданған қарапайым халық Айс жазасыз қала ма деп қорқады! 30 миллиард ақшаға судьяны да сатып алуы мүмкін",- деді ол парақшасында.

Ал алданғандар болса Қазақстанның түкпір-түкпірінен Муратованың жеке шотына миллиондаған қаражатты аударып, енді оның жауапқа тартылуын сұрап отыр. Белгілі болғандай, алаяқтар қылмыстарына арбау арқылы "оптовик" чаттарына 2 млн беріп кірген менеджерлерді пайдаланған. Менеджерлер болса мыңдаған халықтан ақшаны жинап, екінші адамға жіберіп отырған. Алданған халық, өздері де алданып қалған менеджерлерді жағадан алған. Соңында халықтың ақшасы да, тауар да, Айс атымен белгілі алаяқ та жоқ болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Резерв Страница (@abdulla_kz_kz)