Саясат

«Байтақ» экзитпол қорытындысын мойындамай, сайлауда заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы экзитпол нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді.

байтақ

 Партия өкілдерінің айтуынша, олардың бақылаушылары сайлау учаскелерінде бірқатар заң бұзушылықтарды тіркеген. Осы фактілерге құқықтық баға беруді талап етпек.

Партия экзитпол нәтижелері сайлаудың түпкілікті қорытындысын анықтауға негіз бола алмайтынын атап өтті. «Байтақ» өкілдері алдымен ресми хаттамалар мен бақылаушылар жинаған мәліметтерді толық зерттеу қажет деп санайды.

Сонымен қатар партия басшылығы кейбір филиал өкілдерінің ресми талдау аяқталмай жатып, экзитпол нәтижелерін ашық қолдағанын сынға алды.

«Қандай қысым болса да, біз сайлаушыларымыздың дауыстарын қорғап, сайлаудың нақты нәтижелерін тек заң аясында анықтауға күш салуымыз керек», - делінген партия мәлімдемесінде.


Бүгін, 24 тамызда «Байтақ» партиясы баспасөз мәслихатын өткізбек. Онда партия өкілдері анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат беріп, алдағы құқықтық қадамдарын жариялауды жоспарлап отыр.

Тегтер: Байтақ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз