Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:07, 05 Сәуір 2024

Белгілі қытайтанушы Константин Сыроежкин бостандыққа шықты

в
Фото: из открытых источников

Белгілі қазақстандық қытайтанушы Константин Сыроежкин бостандыққа шықты. Бұл туралы саясаттанушы, қоғам қайраткері Марат Шибұтов хабарлады.

Ол 2019 жылдың 7 қазанында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуге шешім шықты.

Сыроежкин 2006 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болды. Ол «Қытайдағы қазақтар: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму очерктері», «Қазіргі Шыңжаң және оның қазақ-қытай қатынастарындағы орны», «Қазақстан-Қытай: шекаралық ынтымақтастықтан стратегиялық серіктестікке», «Қазақстан Қытайдан қорқу керек пе?: мифтер мен фобиялар» атты кітаптар жазған. 

Алғаш рет Сыроежкин 2019 жылдың 5 мамырында әріптестерімен және туыстарымен байланысын тоқтатқаны белгілі болды. 16 мамырда оның мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 

2019 жылдың 7 қазанында сот шешімі шығып, жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуге жіберілді.

Оның қандай іс бойынша сотталғаны әзірге белгісіз. Тергеу мен сот жабық есік жағдайында өтті.

Фото: kazpravda.kz

Тегтер: