Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:22, 25 Қаңтар 2024

Белсенді Мадина Көкетаева 15 тәулікке қамалды

Белсенді
Фото: из открытых источников

Белсендіні Алмалы аудандық полиция басқармасында 19 cағат ұстаған. Оған «Бейбіт жиын тәртібін бұзу» бабы бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Zhashalash.kz.

Мадина Көкетаевты 19 қыркүйекте «Әуежай ісі» бойынша 4 жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның соты алдындағы «наразылық үшін» айыптаған.

“Мені қылмыскер сияқты 19 сағат бойы Алмалы аудандық полициясында ұстап отыр. Маған күш көрсетті және одан денем көгеріп кетті. Менің денсаулығыма байланысты құжаттар бар. Бірақ судья оған мән бермей отыр. Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында болдым. Полиция қызметкерлері менімен бірге дәрігерлерге кірді. Кез келген уақытта инфаркт болуым мүмкін. Тоқаев қаладан кетпейінше мені олар жібермейін деп тұр”, - деді белсенді.

Ал аудандық полиция Мадина Көкетаеваның ұсталуына қатысты ақпарат бермеді.