Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:52, 30 Мамыр 2024

Бердібек Соқпақбаевтың кітабы түрік тіліне аударылды

r
Фото: из открытых источников

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Өлгендер қайтып келмейді» кітабы тұрік тіліне аударылып, басылды.

Алматыда өткен кітаптың тұсаукесеріне ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоғлы, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр қатысты.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың көптомдық кітабын екі рет басып шығарып, еліміздің барлық кітапханаларына таратқан болатын. Көрнекті жазушының оқырмандар саны артатыны қуантады. Енді олардың қатарын түрік бауырларымыз да толықтырады», – деді Рустам Әли.

Іс-шара аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі