спорт

Бейбарыс Сұлтан дзюдодан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Прагада (Чехия) өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанды.

Дзюдо

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Бейбарыс ақтық сында әзірбайжандық Рамазан Ахмадовпен белдесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Еуропа кубогына 33 елден 455 дзюдошы қатысты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз