Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:41, 29 Мамыр 2024

Биыл 13 кәсіпорын еңбек дауына қатысты ереуіл жасаған

у
Фото: из открытых источников

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов биыл республиканың 13 кәсіпорнында ереуілдер болғанын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Жұмыскерлердің негізгі талаптары – жалақыны көтеру, «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымдарының штатына ауыстыру, сыйақыларды төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны индекстеуді жүргізу болған.

Салалық бөліністе жанжалдардың негізгі үлесі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы және коммуналдық салалардың кәсіпорындарына тиесілі. Барлық ереуілдер ҚР Еңбек кодексінде белгіленген жұмыскерлердің талаптарын ұсыну рәсімдерін сақтамай, «стихиялық тәртіппен» өтті, осыған байланысты соттардың шешімдерімен 5 ереуіл заңсыз деп танылды, деді спикер.

Сонымен қатар, республиканың 126 кәсіпорнында шамамен 1,5 млрд теңге сомаға 9,7 мың жұмыскердің алдындағы жалақы бойынша берешек анықталған.

Фото: ортком

Тегтер: