Әлеумет

Биыл 56 мың талапкер ҰБТ-дан шекті балл жинай алмады

2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 233 мыңға жуық талапкер қатысты. Нәтижесінде олардың шамамен 177 мыңы, яғни 76%-ы шекті балл жинаса, 56 мыңға жуық талапкер қажетті межеден өте алмады.

ҰБТ

Бұл – тестілеуге қатысқан әрбір төртінші түлек. Биыл талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсырып, грант конкурсына ең жоғары нәтижемен қатысу мүмкіндігі берілді. Осыған байланысты 233 мың талапкер тестілеуді жалпы 422 мың рет тапсырған. Бес пән бойынша орташа нәтиже 69 балды құрады.

Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ нәтижесін конвертациялау арқылы) иеленді. Сонымен қатар 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар 800 талапкерге де арнайы жағдай жасалып, олардың ҰБТ-ға қатысуына мүмкіндік берілді. Тестілеу барысында 890 ереже бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 522 талапкер смартфон, көшірме және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Ал тест кезінде тәртіп бұзған 361 адамның нәтижесі жойылды.

Бұдан бөлек, бейнежазбаларды тексеру барысында тағы 7 талапкердің нәтижесі жарамсыз деп танылды. ҰБТ аяқталғанымен, бейнежазбаларды талдау жұмыстары 2026 жылғы 31 қазанға дейін жалғасады.

Осы уақыт аралығында ереже бұзу деректері анықталған жағдайда, талапкерлердің тест нәтижелері күшін жояды.

Тегтер: ҰБТ Талапкер
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз