Бішкекте белгісіз біреулер рейдерлік жолмен су арнасын басып алмақ
«Бішкексууканалы» өндірістік-пайдалану басқармасының (ӨПБ) стратегиялық маңызды нысанын рейдерлік жолмен басып алуға дайындық жүруде, деп хабарлайды қырғызстандық Кабар агенттігі.
Ұ
«Құрметті қырғызстандықтар! «Бішкексууканалы» ӨПБ ұжымы жұртшылыққа, Үйлестіру кеңесіне, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқарушы С.Жапаровқа жүгінеді. Стратегиялық маңызды нысан — «Бішкексууканалы» ӨПБ-ны рейдерлік жолмен басып алуға дайындық жүруде.
Басқарманың негізгі міндеті – сумен жабдықтау және су тарту. Су арнасының қызметкерлері саясаттан тысқары. 24/7 демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейді.
Басқарма ұжымы үйлесімді механизм ретінде үзіліссіз жұмыс істейді. Алайда, кейбір деструктивті күштер соңғы оқиғалар аясында жағдайды пайдаланып, «Бішкексууканалы» ӨПБ-ны өз қолдарына алуға бекінген. «Бішкексууканалы» ӨПБ ұжымы саясаттан тысқары және өзінің тікелей міндетімен ғана айналысатынын тағы бір мәрте мәлімдейміз.
Ол Бішкек пен оның айналасын ауыз сумен, сондай-ақ ағынды сулармен қамтамасыз етеді. Жұртшылықты «Бішкексууканалы» ӨПБ ұжымын қолдауға және Қырғызстан астанасы үшін стратегиялық маңызды нысанды рейдерлік басып алуға жол бермеуге шақырамыз», — делінген хабарламада. Айта кетейік, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарының сайлауы өтті.
Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді. Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, оның соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.