Саясат

Бішкектегі қақтығыс: Атамбаев қамауға алынды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевтың, сонымен қатар Қанат Сағымбаевтың, Дамир Мусакеевтің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg сайты.

Бішкектегі қақтығыс: Атамбаев қамауға алынды

Оларға Бішкектегі жаппай наразылықты ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

«Қазіргі таңда жедел тергеу тобы бұл қылмысты ұйымдастырған басқа да адамдарды ұстауға бағытталған жұмыстар атқарып жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, сотталған еді. Ал 6 қазан күні оны митингке шыққандар босатып алды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз