Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:01, 13 Мамыр 2024

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты

r
Фото: из открытых источников

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша Сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Экс-министрге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды:

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің тармағы – «Азаптау»; Аталған бап бойынша 7 жылға; 

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім шығару кезінде сот Бишімбаевтың кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Сөйтіп, оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада «Гастроцентр» ғимаратындағы «Бау» мейрамханасында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған.

 

Тегтер: