Қоғам

Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды тоқтатқан

20 қыркүйекте Сарыөзек–Үштөбе теміржол учаскесінде жүк пойызының машинисі жол бойында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды шұғыл тоқтатқан.

Пойыз

Оқиға сағат 12:30 шамасында Тауарасы–Айнабұлақ аралығында болған. Машинист теміржол төсеміне жақын жерде Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз келе жатқан баланы көрген.

Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист қызметтік тежеу жүйесін қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына алып кірген.

Оқиға туралы ол пойыз диспетчеріне дереу хабарлаған.

Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция қызметкері баланың ата-анасымен байланысып, оны отбасына табыстаған.

Тегтер: пойыз ҚТЖ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз