Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:07, 23 Сәуір 2024

Бишімбаев ісі: ҚР Жоғарғы соты Собчакқа «басымдық» берген бе?

а
Фото:

Журналист Ксения Собчак Бишімбаевтың сотына қатысты сынға жауап берді.

Ол бірінші күннен бастап Салтанат Нүкенованың өлімі туралы жазып, Бишімбаевтың сот процесін жариялап жатқанын айтты.

Бүгін қазақстандық және ресейлік БАҚ Қазақстанның экс-министрі Бишімбаевтың сотында маған «артықшылық» берілгені туралы жаза бастады. Сотта біз қорғаушы тарап жағында отырдық, қалған журналистер тұрып қалғаны айтылуда.

Достар, біз бұл тақырыппен көптен бері айналысып келеміз – біз бірінші күннен бастап Салтанаттың өлтірілгені туралы жаза бастадық.

Біз бұл туралы үлкен сюжет түсіріп, тәуелсіз журналистер ретінде процесті жариялап жатырмыз, ешкіммен байланысымыз жоқ. Бізді сотқа ешбір тарап – қорғау немесе айыптаушы жақ шақырған жоқ. Мен ҚР Жоғарғы Сот арқылы аккредиттеу рәсімінен өттім, менің командам оның баспасөз хатшысымен байланыста болды. Олар бізді қайда отырғызды, сол жерде отырдық. Ал бүгін нағыз керемет кездесу болды. Бұл туралы сәл кейінірек міндетті түрде айтамыз, деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Собчактың сот процесіне қатысуы туралы қазақстандық БАҚ тарапынан сыни пікірлер айтылған. Аталған сынға - сот залына қазақстандық журналистердің кіре алмағаны себеп болды.

Фото: жоғарғы сот

Тегтер: