Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:08, 12 Ақпан 2024

«Бишімбаевты ақтау басталып кетті»: Динара Зәкиева мәлімдеме жасады

Нүкенова
Фото:

Динара Закиева Instagram парақшасына Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалуы мүмкін деген мағынада алаңдаушылық танытып, жазба қалдырды.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасына Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалуы мүмкін деген мағынада алаңдаушылық танытып, жазба қалдырды.

«Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету, жақындарының қолынан қаза табу секілді көпшілікті дүрліктірген осындай сұмдық оқиғалар қоғамдағы үлкен мәселенің жарасын ашып отыр», – дейді жазбасында Динара Закиева.

Сондай-ақ ол адамгершілікке жатпайтын көзқарастардың салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылықты ақтауға болатынына сенетін адамдар бар екеніне көзі жеткенін жазады.

«Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалатыны туралы ақпарат бар. Кей адамдар бұл медиа науқанға кірісіп кетті. Бұған адамдардың қалай қатыса алатынын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіну мүмкін емес. Аталған іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін еместігі туралы нақты сигнал болуы тиіс», – дейді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.