Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:37, 24 Сәуір 2024

Бишімбаевтың сот процесі қашан аяқталады?

а
Фото:

Бүгін Астанада Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Сот отырысында айыпталушылар өз кінәларын мойындамады.

Сот тергеуі барысында екі куәдан олардың басқа қалада болуына байланысты бейнеконференцбайланыс арқылы жауап алынды. Одан әрі сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуді жалғастырды, делінген хабарламада.

Келесі отырыс 29 сәуір, сағат 10:00-ге шегерілді. Осы күні сот жарыссөзі басталады.

Судьяның айтуынша, барлық процесс 3-4 мамырда аяқталады.

Фото: Жоғарғы сот